2026 жылғы 22 қазанда «Пятигор ауылының негізгі орта мектебі» КММ-де тарих пәнінің мұғалімі Батырбаева Л.С. 9-сынып оқушыларына Республика күніне арналған «Ғажайып Қазақстан» зияткерлік саяхат ойынын өткізді.
Ойын барысында оқушылар Қазақстанның тарихы, мәдениеті, мемлекеттік рәміздері мен табиғи көрікті жерлеріне қатысты тапсырмаларды орындап, туған елге қызықты саяхат жасады. «Қазақстан білгірі», «Мекенді тап», «Шындық па, әлде аңыз ба?», «Қара жәшік» және «Әріптерден сөз құра» бекеттерінде сұрақтарға жауап беріп, суреттерден танымал орындарды таныды, жасырылған сөздер мен заттарды анықтады.
Оқушылар өз білімдерін ортаға салып, тапқырлықтары мен зейінділіктерін көрсетті. Республика күнінің маңызына, еліміздің тарихи-мәдени мұрасын құрметтеуге ерекше көңіл бөлінді.
Іс-шара оқушылардың Отан тарихына қызығушылығын арттырып, туған жерге деген сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімін нығайтуға ықпал етті.
